ҚОӘДСБ «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК Қостанай облысының оқушылары мен студенттері арасында ESPAD зерттеуін жүргізді
ҚОӘДСБ «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК Қостанай облысының оқушылары мен студенттері арасында ESPAD зерттеуін жүргізді, бұл зерттеу бүкіл ел бойынша ҚР ДСМ «Республикалық ғылыми-практикалық орталығының» ШЖҚ РМК бастамасымен жүргізілуде. ESPAD зерттеуіне Қазақстанның 20 өңірі және 9500-ге жуық жасөспірім қатысты. Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жастары арасында психоактивті заттардың таралуы мен тұтыну деңгейінің шынайы бейнесін алу жоспарлануда. Сонымен қатар, нәтижелер балалар мен жасөспірімдер арасында алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектеседі. Жоба аясында Қостанай облысының білім басқармасы мен білім бөліміне қарасты мектептер мен колледждердің оқушылары сауалнамаға белсенді қатысты. Қостанай облысы бойынша ESPAD зерттеуіне кездейсоқ іріктеу әдісімен қатысу үшін 6 мектеп (1 резерв) және 2 колледж (1 резерв) анықталды. ESPAD зерттеуінің бірінші кезеңінде ESPAD зерттеуі үшін сауалнамаға қатысуға жасөспірімдердің заңды өкілдерінен ақпараттандырылған келісім жиналды. Психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері 5 мектептен 358 оқушыдан және колледжден 45 оқушыдан сұхбат алды. Жасөспірімдерге сауалнама мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандардың жалпы саны 403 жасөспірімді құрады.
ESPAD – жасөспірімдер арасында психоактивті заттарды қолдануды зерттейтін әлемдегі ең ірі халықаралық жоба. Ол 40-тан астам елді қамтиды. Еуропалық жобаның басты мақсаты – әр түрлі елдердің жасөспірімдері арасында алкоголь, темекі, есірткі және басқа заттарды қолдану туралы салыстырмалы мәліметтер алу. Сауалнама екі-төрт жыл сайын жүргізіледі және 13 пен 17 жас аралығындағы жастарды қамтиды. ESPAD зерттеуінің нәтижелері мәселенің ауқымын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді және балалар мен жасөспірімдерді зиянды тәуелділіктен қорғау саласындағы профилактикалық бағдарламалар мен мемлекеттік саясатты әзірлеуге негіз болады.

